Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 1
  • 11194
Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ,
Көлінде жатып көркеймес
Өртенсе көлдің қоғасы.
Аруана мая күңіренер,
Бауырынан өлсе баласы.
Суда жүзген нән балық
Шағала құсқа жем болар,
Үзілсе көлдің сағасы.
Атадан қалған сауыттың
Шығыршығын тот басар,
Жыртыла тозса жағасы.


Пікірлер (1)

Нұрдияр

Мен айтып бес алдым

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері