Борай да борай қар жауса
- 0
- 1
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бұл бетте «Мен Нарыннан кеткенмін» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Хабарлама
INFO
Сәлеметсіздер ме! Бұл өлең толық па? Сайысқа қатысуға жаттап жатқан едім, кейбіреулері толық жазылмаған, артынан ғана біліп жатырмын.
Астарындағы мағынаны түсіне алсаңыздар, өлең керемет жазылғаны көрініп тұр. Рақмет.
Ия толық екен мен де сайыс қа дайын далудамын Жақия өлең іде осындай