Жалп-жалп еткен жапалақ

Бұл бетте «Жалп-жалп еткен жапалақ» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 4
  • 13073
(Қазіргі қазақ әліпбиіне түсірілген көшірмесі)
* * *
Жалп-жалп еткен жапалақ,
Жазы да кімге жолдас болмаған.
Жағы түкті айуан,
Мұңлантып кімді жаяу салмаған.
Даладағы бәйтерек саясы,
Кімге салқын болмаған,
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған.
Саздауға біткен сары ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған!
Терезеден тесе қараған,
Дестелеп шашын тараған,
Қудалаған өскен арулар,
Кімдерден жылай қалмаған.
Сағағына сары шіркей ұялап,
Мал іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған!?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Криштиано Роналду

Әдемі өлең керемет

Нұрсұлтан

Жалп-жалп еткен жапалақ — қазақ поэзиясының еркіндік пен табиғаттың тіршілігін шынайы жеткізген классикалық туынды. Махамбет Өтемісұлы әрбір бейнені дәлдікпен суреттей біліп, қарапайым өмір көрінісін терең оймен өрнектейді. «Жалп-жалп еткен жапалақ» сияқты образдар оқырманның қиялын қанаттандырып, даланың кеңдігі мен тіршілік күшінің шексіздігін сезіндіреді. Осылайша толғанған әрбір жол — қазақ рухының биік үні, өткен мен бүгіннің тоғысқан көрінісі. Махамбет Өтемісұлы мықты!

Мұқаш.

Ер Махамбеттің өлеңдерін бұрмалап рухын сындырған. Зиялы қауым өкілдері қайда қарап отыр. Масқара. Мысалы.
Садағына сары шіркей үймелеп,
Жау іздеген ерлердің
Басы қайда қалмаған, дегенді
САҒАҒЫНА шіркей үймелеп,
МАЛ іздеген ерлердің,
Қайда басы қалмаған,деп өзгеркен.
Не үшін, неге?
Қайран ЕР МАХАМБЕТ, әруағына мың тағзым.

Мұқаш.

Бұрмаланған,мысалы. САҒАҒЫНА сары шіркей үймелеп,
МАЛ іздеген ерлердің,
Бастары қайда қалмаған,емес.
САДАҒЫНА сары шіркей үймелеп,
ЖАУ іздеген ерлердің,
Бастары қайда қалмаған.

Осы автордың басқа өлеңдері