Бұл бетте «Әңгелек» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
19.03.2019
0
0
5560
Аңсарым ауғанда қауынға
Күз сайын соғамын ауылға,
Жүремін жеп-жеңіл жас болып,
Пысқырмай шаңдатқан дауылға.
Ұмытып Алматы тауын да,
Алмалы, алмұртты бауын да,
Түрініп жеңімді алам да
Тиісіп кетемін қауынға.
Алтындай сап-сары дөңгелек
Алдымда жатады әңгелек.
Алғандай кішкене күнді үзіп,
Тұрғаным таңданып бір қызық.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі