Ақындық

Бұл бетте «Ақындық» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3160
Ақындық ауыр еңбек түсінгенге,
Тау қазған, тас қорытқан ісіңнен де.
Жалғызсың, жәрдем тілеп ала алмайсың
Ең жақын, ең сүйікті кісіңнен де.
Ғажайып жерік кезің, құмар кезің,
Ғайыптан хабар алып тұрар кезің.
Ойыңда ұялаған балапаның
Жарыққа қанаттанып шығар кезің.
Ғажап қой қуанышы сезінудің,
Мерзімі ұмытылар көз ілудің.
Сезіну айналғанда толғаққа бір
Темірі түсер сынға төзіміңнің.
Кеудеңе жанған отың симаған соң
Сонда сен аһ ұрасың, қиналасың.
Оңай ма өлең қайнау көкірегінде
Толғағын жеткізбей-ақ тумаған соң.
Білмейсің сонда кімге не деріңді
Бер дейсің - сәтті уақыт көмегіңді.
Қақпағын жанар таудың жарқ еткіз де,
Аспанға ұшыра көр өлеңімді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындық өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Ақындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері