Бұл бетте «Әркім айтар өз әнін» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әркім айтар өз әнін өз даусымен,
Көңіл күйін бөлісер сырласымен.
Біреу жақын өзіндей бақыттымен,
Біреу жақын мұңдасы, құрдасымен.
Біреу епті өмірде, біреу епсіз,
Жай ғана адамдар бар кереметсіз,
Айқайсыз - ақ өз ойын айтатын бар,
Тыңдап болмай, оған сіз не демексіз?
Тыңдайықшы, әркімді көлбеңдемей,
Бұл қалайша дүниеге келген демей.
Бөтенсің деп бәріне ұрса берсек
Туған да өгей болмай ма, өлген де өгей!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі