Өлең, жыр, ақындар

Құйшы, досым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2888
Құйшы, досым, күтпейікші тамақты,
Тартып - тартып алайықшы шарапты.
Көңліміздің тозаңы бір басылсын,
Көзіміздің кірбеңі бір ашылсын.
Құйшы, досым, күңгірт ойлар серпілсін,
Кеудемдегі аласапыран сел тынсын.
Қуанышым қыранша бір сілкінсін,
Тұман ойлар тұманша бір жыртылсын.
Шырқайықшы, шырқайықшы Нартайша,
Накеңді ойлар шіркін жігіт қартайса.
Басташы әнді, тар бөлмеміз кеңейсін,
Келсін достар, қатарымыз көбейсін.
Келсін достар, келсін түгел, жиналсын,
Домбырадан ұсынатын күйді алсын,
Жүректерден ұсынатын сыйды алсын,
Көтере алмай көп сыйларды қиналсын.
Басташы әнді, тар бөлмеміз кенейсін,
Келсін достар, қатарымыз көбейсін.
Көңліміздің тозаңы бір басылсын,
Көзіміздің кірбеңі бір ашылсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құйшы, досым өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Құйшы, досым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құйшы, досым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құйшы, досым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері