Ол және мен
Бұл бетте «Ол және мен» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
– Сен емес,- деді Ол маған,
– Мен емес,- дедім, иілдім.
– Иеңмін,- деді Ол маған,
– Нем сен,- дедім сиындым.
– Көзің жоқ, деді Ол маған,
– Соқырмын,- дедім иілдім.
– Тілің жоқ,- деді Ол маған,
– Мылқаумын,- дедім тыйылдым.
Тыйылдым әннен, сөзден де,
Қарауға қорықтым аспанға.
Ажарым әбден өзгерді,
Танымас болды достар да.
Көзімді жұмдым көрмеске,
Қарауға қорықтым жарыққа.
Қиялым кетті келмеске,
Жүрегім кірді табытқа.
Ұмыттым бояу түстерін,
Ұмыттым құстың үндерін.
Айтқанын Оның істедім,
Өзімше түк те білмедім.
Апырым-ау, әлі бармын ба,
Бар болсам кіммін, менмін бе?
Жоқ әлде тілсіз қалдым ба,
Тұтанбай қайта сөндім бе?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі