Бұл бетте «Ойланшы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күнді сүйем дейміз ғой жаурағанда,
Жаңбырға да ынтықпыз жаумағанда.
Күннен безіп қызынсақ құбыламыз,
Жаңбыр жауды - ақ зонтикке тығыламыз.
Сәл ашықсақ шыдамсыз бимазамыз,
Сәл тойынсақ ауырлап қиналамыз.
Күшейсе - ақ әлсізді жаралаймыз,
Әлсіресек күштіні паналаймыз.
Осындайлар көп емес, сирек дейміз,
Көп дегенді кінәлап, күйрек дейміз.
Жақсыларға тізгінді билетпейміз,
Сонда кімге жөн-жосық үйрет дейміз?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі