Бұл бетте «Кеше, бүгін, ертең» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеше ғана бала едім тәй-тәйлаған,
Көлеңкеммен жарысып айқайлаған.
Ұшқан құстың қанатын сұраушы едім
Өз тілімде, үлкенше айта алмаған.
Бүгін енді егденің біреуімін,
Дей алмайтын дүниенің тіреуімін.
Көмек алам дәріден тамшылаған,
Емін іздеп шаршаған жүрегімнің.
Ертең, ертең... Әрине белгісізбін,
Адам менің сиқымды көргісізбін.
Ізім жатса болғаны әңгімелеп
Өткен-кеткен жайларын өміріміздің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі