Қиын екен

Бұл бетте «Қиын екен» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3587
Адамдық алған қымбат сыйың екен,
Бұзуға оны сайтандық үйір екен.
Туған кезгі дүниеге пәк шағыңды
Аман сақтау, апырым-ау қиын екен.
Ойың түзу болса да, жаның таза,
Толып тұрған төңірегің бір бимаза.
Ақылсызға ақымақ десең бітті,
Қанқақсатар өзіңді, күтер жаза.
Ұры десең ұрыға шамданады,
Қары десең қарыға арланады,
Қамсыз тұрған кезіңде соғып кетіп,
Бұрқыраған орныңда шаң қалады.
Бір сескенсең кеткенің бұқпантайлап,
Әулекілер басынар күнде айқайлап,
Келтек беріп тентекке ағасымақ
Кемігеніңді отырар үйде абайлап.
Аға дейтін қайтеміз аға бар ма,
Біреуі жоқ жанашыр сағаларға,
Адал айттым дегені сасық қулық,
Дап-дайын тұр сүрінсең табалауға.
Қуланғанмен болмайды жал табам деп,
Кісілікті кірлемен мал табам деп.
Итке итсің деп көзіне айта берем,
Жазым болар жайым жоқ жалтарам деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиын екен өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қиын екен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиын екен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиын екен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері