Бұл бетте «Білдірмен әлсіздігіңді» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білдірмен әлсіздігімді.
Білдірмен әсте жат жанға.
Көтере берем жүгімді,
Күдіктен көңлім жасқанба.
Дұшпаным маған үңілме,
Іздеме жұқа жерімді.
Әлсіздік бар ма түрімде,
Көре ғой ырғап белімді.
Белімді саған бермеймін,
Намысым берік шойыннан.
Сенімсіздерге сенбеймін,
Сыр алдырман бойымнан.
Әдейі жүрем айбарлы,
Дұшпаным сезік алардай,
Тауымның қарлы шыңдары
Асылсам қирап қалардай.
Достардың жөні бір бөлек,
Олардан сыр жоқ жасырын.
Белгілі құрбы – құрдасқа
Асылым менен жасығым.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі