Достарға – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Достарға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 8517
Көрсем деп дүниенің кеңдігін
Қараймын жақынға, қашыққа.
Сүйемін достардың ерлігін,
Құмармын өмірге ғашыққа.
О, досым, бауырым, жолдасым,
Мықты бол, жаныңды жасытпа.
Ұстатпа арыңның шырағын
Бір мезгіл сасық пен пасыққа.
Білемін. Сенуге болмайды
Титтей де қисық пен пасыққа.
Сәл ғана сенсең ол қорлайды
Арыңды ашып та, басып та.
Ондайлар қарауды білмейді
Ой көзін жіберіп қашыққа.
Бір мезгіл жылынса күнгейде
Кетеді асып та, тасып та.
Аулақ бол, бауырым, олардан,
Сен үйге, ауылға керексің.
Ойланшы, еркелеп күлер ме
Нәрестең өзіңнен көмексіз.
Аулақ бол, бауырым, олардан,
Сен елге, Отанға керексің.
Қағылмай бір шеге қалар ма
Өзіңнің қолыңнан көмексіз.
Аулақ бол, бауырым, олардан,
Сен бүтін әлемге керексің.
Вьетнамдар теңдігін алар ма,
Қолма-қол өзіңнен көмексіз.
Жойылсын, жылымшы, сасықтар
Көлеңке, күңгірттер, пасықтар!
Жасасын, көздері ашықтар,
Жарыққа, өмірге ғашықтар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достарға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Достарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері