Өлең, жыр, ақындар

Дос портретіне

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 5199
(Қыршын кеткен дүниеден талантты бауырым Әлібек Қоңыратбаевқа арнаймын)

Апырым-ау, жоғалттым ба осы адамды,
Өзіммен бір туғандай дос адамды.
Жалаудай жалт-жұлт ойнап тұр еді ғой,
Қалайша көз алдымнан өше қалды.
Қалайша жоғалттым мен осы адамды,
Өзіммен жаны бірге дос адамды.
Қасымда жалын атып тұр еді ғой,
Қалайша көз алдымда өше қалды.
Әлде бұл сөніп қалған қиялым ба,
Қиялға сондай досты қиямын ба?
Көргенім күні кеше болса жалған
Бүгін мен бұл дүниеге сиямын ба?
Жоқ, мұным қиял емес, жалған емес,
Жалған ой ақылымды алған емес.
Көңілде жасыл жапырақ есірер ме
Жалт етіп жырақта бір қалған елес.
Мен оның ұмытқам жоқ ақ сәулесін,
Сымбатын сұлулардың алған есін.
Мен өзім ұйып жаным тыңдағанмын,
Күлдіріп айтқан талай әңгімесін.
Бір тұрып, бірге жүріп, бір жатқанмын,
Ащыны, тұщыны да бір татқанмын.
Бір күліп, қайғырғанда бірге жылап,
Бірге ішіп бокалды да құрғатқанмын.
Қосылып өлеңді де бірге айтқанмын,
Қызықтан қыз ұзатқан бір қайтқанмын.
Айтыста айқайы көп бірге сөйлеп,
Түндерін бірге өткізгем бойдақтардың...
Шерткенде домбырадан ой алатын,
Сонда оның армандары оянатын.
Өзі айтар оңашада ән шығарып, -
Сүйсініп «Гүлнарым» деп қойған атын.
Алдына жан шықпайтын жомарттықтан,
Жүрегін аямайтын сүйген жұрттан.
Тіктесе тәңірімен де кезге айтатын,
Тақпайтын жауына да өсек сырттан.
Ықпайтын я суықтан, я ыстықтан,
Жеркенгіш жаны да ұсақ пысықтықтан.
От қанат сорғалаған сұңқар еді,
Ішінен қалың ерттің ұшып шыққан.
Жау еді жарамсақ пен жалтақтарға,
Жау еді арын сатып жан сақтауға.
Құрбыны сүюші еді, сүйеуші еді
Қиыннан, қиянаттан шаршатпауға.
Қайда енді сол бір досым, сүйенішім?
Таба алмай таңдаулымды күйеді ішім.
О, досым, жарқ етіп келсең еді
Бауырыңды баяғыша сүйеу үшін.
Әлде бұл алып қашқан қиялым ба,
Қиялға сондай жанды қиямын ба?
Көргенім күні кеше болса жалған
Бүгін мен бұл дүниеге сиямын ба?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол салып күнбатысқа қан мен терден

  • 0
  • 0

Жол салып күнбатысқа қан мен терден,
Жөнеген жойқын ерлер жеңістермен,
Жайрата жау ордасын кірді басып,
Босатып бостандықты неміс бүрген.

Толық

Әркім айтар өз әнін

  • 0
  • 0

Әркім айтар өз әнін өз даусымен,
Көңіл күйін бөлісер сырласымен.
Біреу жақын өзіндей бақыттымен,
Біреу жақын мұңдасы, құрдасымен.

Толық

Айтекеме

  • 0
  • 0

Айтеке!
Елуден өттік қой, алпысқа жеттік қой,
Жүрміз ғой сып - сидам, сақалсыз шешейше.
Аздап алқынған, Әйтсе де шарқ ұрған

Толық

Қарап көріңіз