Бұл бетте «Уақыт» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Уақыт та судай ағады,
Өтеді дайым сезілмей.
Тек сағат қана соғады
Шыдаған әрең төзімдей...
Соғады тық-тық тынбастан,
Отырмын бағып тұрмастан.
Өзімен өзі сырласқан
Үңіліп маған тұрды аспан...
Айрылдым талай құрдастан
Келемін әзір сынбастан.
Алыста жатыр іздерім
Ақ селеулер мен құм басқан...
Өткені қанша уақыттың,
Келері қанша жалғаса,
Берері жоқ қой уақыттың
Таласып өзің алмасаң.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі