Бұл бетте «Балам мен өзім туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балам менің қайнап тұр самаурындай,
Мен отырмын қасында сал аурудай.
Ол ойлайды: молайған думан - тобын,
Мен ойлаймын: азайған санаулымды.
Ол ойлайды: кетсем бір, келмесем деп,
Тозған әке тұлғасын көрмесем деп.
Мен ойлаймын: қашан ол оралғанша
Көзім көр боп, күйіктен өлмесем деп.
Ол ойлайды: сарқыла сермесем деп,
Сыбағасын жігіттің бермесем деп.
Мен ойлаймын: түбі бір есің кіріп,
Өз қолыңнан кебіндеп жерлесең деп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі