Көмеміз музыкасыз – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Көмеміз музыкасыз» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2228
Сөз теріп ұйқас жаман, ырғақ қалап,
Жүрміз ғой ақын деген атты арқалап.
Шығарсақ өлең жинап көңілдіміз,
Жырладық дей саламыз өмірді біз.
Жинақтар жатыр жауып жауған қардай,
Солардан тапқан кәне олжам қандай?
Қаншасын жұрт қуанып алар екен,
Қаншасы беті ашылмай қалар екен?
Сар жамбас сал аурудай төсектегі
Білеміз көп кітапты есептегі.
Жатады сол жатқаннан қозғалмайды,
Артында «оу» дейтін де сөз қалмайды.
Көмеміз музыкасыз, некрологсыз,
Қайысқан қабырғасы қалың жұртсыз,
– Жерленді жинақтардың бірі, - дейміз,
Шүкірлік, авторы әлі тірі дейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көмеміз музыкасыз өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Көмеміз музыкасыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көмеміз музыкасыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көмеміз музыкасыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері