Қарын тоқ – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қарын тоқ» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3193
Отырмын, қарап, күлемін
Ана бір жүрген мастарға:
Біреуі түрген білегін,
Еменді жұлып тастауға.
Біреуі жепті таяқты,
Барады сұрап бас сауға.
Басады - ау әрең аяқты
Амалы қанша қашпауға.
Шіркіндер қалай құныққан,
Арақсыз аяқ баспайды.
Өздері әбден шыныққан
Көшеде - ақ қылғып тастайды.
Қарын тоқ кәзір, көйлек көк,
Жайына қалған бас қайғы.
Кісі деп кейде сөйлессең
Ішкенін айта бастайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарын тоқ өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қарын тоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарын тоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарын тоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері