Тағы да «Қайратқа»

Бұл бетте «Тағы да «Қайратқа»» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1932
Мен бұрын «Қайратқа» ренжіп жазған өлеңімде

«Қайрат қылмай сен жүрсің,
«Қайратым» деп мен жүрмін.
Жеңілумен сен жүрсің,
Жеңеміз деп мен жүрмін», -
деп аяқтағанмын.
Енді мынаны басқаша жаздым.
Темірдің аяғы кәдімгі темірдей,
Білмейді ол болдыру, шалдығу - шаршауды.
Зымырайды - ау, шіркінім, бір мезет ерінбей,
Күйрете киліккен қамал мен қоршауды.
Әнеки, тағы да Темірім жүгірді,
Доппенен жарыса домалап барады.
Апырым-ау, ол неге кенеттен бұрылды
Жан-жаққа жалтаңдап кімді іздеп қарады?
Аңғарды Темірім сол кезде Сергейді
Жетіпті - ау сабазым алдына қақпаның.
Көрдің бе Темірдің кідірмей бергенін,
Сергейдің мүдірмей қайқайта соққанын!
Доп кетті ракета даусымен ысқырған,
Бұзды ол жабылған шойындай қақпаны.
Трибуна жарылған снаряд сияқты
Сатырлай күркіреп, әрең деп тоқтады.
Көрсетті жігіттер керемет өнерді,
Қуанған кептерлер жалтылдай жөнелді.
Алматы бүгін бір қызыққа кенелді,
Әбділда жеңіске арнады өлеңді.
«Пахтакор», сұраймын кіналай көрмеңдер,
«Қайраттың» тілеулес ақ басты шалдарын.
Басқаға сендер де жеңісті бермеңдер,
Оң болсын алдағы шайқасар жолдарын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы да «Қайратқа» өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Тағы да «Қайратқа» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы да «Қайратқа» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы да «Қайратқа» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері