Өлең, жыр, ақындар

Мен сендердің біріңнен кем емеспін

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2129
Қандай еді сыңғырлаған дауысым,
Жаңғыртатын ормандар мен тау ішін,
Қыздар сонда қуана маған қарайтын,
Шоқ шашыратқан от көздерін қадайтын.
Қызық дүние тұнығында жүздім мен,
Қыздар үшін қызыл алма үздім мен.
Қыздар үшін қан төгердей қыздым мен.
Қаймықпастан қайшыластым құзғынмен.
Қыздар үшін қызыл маржан тіздім мен,
Қыздар үшін қызыл алма үздім мен.
Қыздар үшін қанжарластым құзғынмен,
Жігіт - ақ ем, айрылмадым тізгіннен...
Айтсын енді Тұманбайлар асырып,
Мен тұрайын жырларына бас ұрып,
Тек айтсыншы айғай сала ашынып,
Қалмасыншы құдіреттерін, жасырып.
Тек айтсыншы айғай сала ашынып,
Зәрелерін сұмдықтардың қашырып,
Қалмасыншы моншақтарша шашылып,
Аяқтардың астарында басылып.
Менің де бар өз құдіретім тозбайтын,
Қаһарлансам тауларыңды қозғайтын,
Менің де бар өз бораным, құйыным,
Көл жасаймын ағыл-тегіл құйылып.
Айдың селдір сәулесіндей емеспін,
Өлгенімше тартпас көңілім көмескі,
Ән мен жырдың арасында тел өстім,
Мен сендердің біріңнен кем емеспін.
***
Ырғақ, ұйқас иілмейді әлсізге,
Жеңгізбейді сом темірше қасарып.
Жетегіңе ермейді өлең көрікте
Балқымаса оттан қорқып босанып.
Соққан кезде шоқ шашырасын
Шыжылдата күйдірсін ол қолыңды.
Сонда да сен тоқтатпа, дос,
Сом балғамен сыңғырлата соғуды!
***
Сынды да қалды алтынды қоңырау құлаған,
Сыңғырлаған үні оның мәңгі сақталды.
Сөнді де қалды жалынды бір от лаулаған.
Жадымызда жарығы мәңгі сақталды.
Тоқтатпаңдар, туысқандар,
Күмбір-күмбір алтынды қоңырау қаққанды.
Тоқтатпаңдар, туысқандар,
Жарығы сөнбес жалынды оттар жаққанды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырғыз достарыма

  • 0
  • 1

Жұрт едің қандай жүрегің жарқын,
Жер едің қандай осынша биік!
Сенімен дос боп сүйікті халқым,
Төбем бір қалды аспанға тиіп.

Толық

Жолдас, Навои

  • 0
  • 0

«Жолдас» десем жолдассыз, әрі ақынсыз,
Тірі жанды өлді дер қай ақылсыз!
Һәм өзбексіз, тілі бір, туысқансыз,
Бірге жасап, бізбенен бірге жүрсіз.

Толық

Ағалар туралы

  • 0
  • 0

Шаршадым рас, алпыстан асу оңай ма,
Әйтсе де бүгін тізгінге әлі берікпін:
Көз әйнектің плюсы тіпті молайды,
Көзімнің отын шығынға біраз беріппін.

Толық

Қарап көріңіз