Ақын лепіргенде – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ақын лепіргенде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1177
Күркіреп үнім эфирде,
Оқыдым қыстай өлеңді.
Тыңдаушым жатты төменде,
Жырларым бұлт боп жөнелді.
– Дауысым қалай барды екен,
Қойларым жатқан құмдарға!
Қойшыда уақыт бар ма екен
Эфирден өлең тыңдауға!
Бар шығар мүмкін уақыты,
Жоқ шығар, мүмкін, кім білсін.
Беріңдер хабар қойшыға
Тыңдауға жігіт үлгірсін!
— Не керек ақын лепіріп,
Қойшыңыз қалай үлгірсін.
Тұрғанда боран өкіріп,
Жарамас, досым, көлгірсу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері