Аталар туралы

Бұл бетте «Аталар туралы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 19588
Біреуі мен ем атасын сүйген жастың.
Өмір бойы сені, ата, ұмытпаспын.
Күс-күс қолмен басымнан сипадың да,
Желден ықсам жып-жылы қойныңды аштың,
Көтердің де аталық қолыңменен,
Кеттің алып өзіңнің жолыңменен.
Алғашқы айтқан әніңді маған арнап,
Тыңдай бердім таусылмас сенімменен.
Жалаң аяқ үйреттің қар басуды,
Жыланмен де үйреттің арбасуды,
Ойнап кеттім құйынмен құйын болып,
Қайсарлардан таптым мен жолдасымды.
Жарыстырдың даланың тағысымен,
Алыстырдың дарияның ағысымен,
– Бәрекелде, балам! - деп тұрдың күліп,
Толқындардың жалына жабысып ем.
Қалдырмаушы ең қасыңнан қайда барсаң,
Қуанушы ең отпенен от боп жансам.
– Бәрекелде, балам! - деп тұрушы едің,
Табанымнан тікенді жұлып алсам.
Жақсы атаның атандым немересі,
Өзіме өзіңнен бар тиді үлесім.
Қаршадайдан бастырып көрігіңді,
Жаттаттың қазағыңның шежіресін.
Біреуі мен атасын сүйген жастың,
Өмір бойы мен сені ұмытпаспын.
Әз жолыңа, жан ата, түсіп бүгін,
Немереге өзім де қойнымды аштым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аталар туралы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Аталар туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аталар туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аталар туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері