Ақ тілек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4233
Мен бүгін аппақ шашы бар
Әбділда деген атамын.
Күн сайын, саған, Отаным
Ақ тілеу тілеп жатамын.
Ақ тілеу тілеп жатамын
Ақ пейлі осы атаның.
Қайталап сөзін батаның
Арнаймын саған, Отаным.
Тауларым тұрсын сілкінбей
Теңізім тынсын күрсінбей,
Жарығым жансын жарқырап,
Айдыным жатсын жалтырап.
Тынықсын жақын, алыстар,
Тынықсын түгел атыраптар,
Қан ішер апат соғыстан,
Қалтырамасын жапырақтар.
Зарықпасыншы сыбызғым,
Торықпасыншы қоңыр ән.
Ықыранбасыншы қобызым,
Күңіренбесінші домбырам.
Немерем ойнап, күлсінші,
Көбелек қуып жүрсінші,
Күздегі кеткен аққуым,
Көктемде қайта келсінші.
Аққуым қайта келсінші,
Көліне көлбей қонсыншы,
Көк құрақтарын көрсінші,
Кернейін тартып берсінші.
Мен бүгін аппақ шашы бар
Әбділда деген атамын,
Жаңа жыл келді, Отаным,
Оң болсын ұлы сапарың!
***
Жолдар жатыр қан тамырдай тараған,
Сол жолдармен жүріп жатыр бар адам.
Мен де келем өз жолыммен тынбастан,
Деймін осы жолым қалаған.
Осы жолым менің мәңгі қалаған,
Қалып қойдың – ау қасыма ерген сан адам.
Тарта берем жығылғанша, достарым,
Уақытым жоқ жол іздеуге жаңадан.
***
Не қылған бұл бір ұзақ түн...
Жатқаным қашан бүркеніп.
Ойларды талай ұзаттым,
Тұман боп өткен тіркеліп.
Құшағы түннің мұп-мұздай,
Ерні де салқын деміндей.
Денемді жылыта алмаған
Көйлегім бейне кебіндей.
От қайда мені қыздырар?
Атса екен таңым тезірек.
Тынбаған жанды түн ұзақ,
Сүйсе екен күннің өзі кеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ тілек өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Ақ тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақ тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері