Арыс құмы

Бұл бетте «Арыс құмы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1866
Бурыл құм бұйраланған Арыс құмы,
Сандықтай текшеленген қызыл шыңы,
Арда өскен ойнақ, салып аңдары бар,
Күңіренткен құм арасын ыңы - жыңы.
Қалықтап қаршығасы өрлеп көкті
Құйылған бүркіт ертпей атқан оқты,
Құздарда жалпылдаған үкі де бар,
Ұшатын түн жамылып көзі отты.
Судырап сұлу селеу сұрғылт тартып,
Жымиып қияқ шөпке мойнын артып
Жасырып көлегейлеп құмның бетін
Түсірмей күн сәулесін сырттан шарпып.
Жырада тобылғылар қызыл қандай,
Сыланып, сылаң қағып сызылғандай,
Жел тұрса сыбдыр қағып күбірлесер,
Күңіреніп кейде көңілі бұзылғандай.
Ырғалған көрікті ыраң, ыққа мүлгіп,
Тұрғандай жасыл жусан ойға сүңгіп.
Әр жерде көкке ұмтылып ұзын қурай,
Желменен ызылдайды мұңын жыр ғып.
Қылының бұлаң қағып меруерт суы,
Таңменен көтеріліп күміс буы.
Құяры көлшік болып, құрақ өсіп,
Күй тартар түрлі құстың қосқан шуы.
Мінекей, сол ортада Арыс тұзы,
Жалтырап сәулеленіп ашық жүзі.
Емсе де, күннің лебін ерімейді, -
От жанған шілдеде де айна мұзы.
Бурыл құм бұйраланған Арыс құмы,
Сандықтай текшеленген қызыл шыңы.
Орнамақ, өнерлі еңбек, өнім өнбек,
Күңірентіп құм арасын ыңы - жыңы.

1928


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыс құмы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Арыс құмы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыс құмы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыс құмы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері