Өлең, жыр, ақындар

Адам

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2019
Мазаны алды
Жел азынап,
Оқтын-оқтын
Құйын соғады,
Дала шеті,
Сағымданады,
Көз жетпейді –
Тым бұлдырап.
Қарап адам
Таңданады.
Күн не көктен
Сығалаған,
Жел не жерге
Ұялаған?
Толқыны не
Сағымданған,
Құйыны не
Құйынданған?
Ұғына алмай
Осыны адам,
Мәдет тілейді
«Алладан».
Көкке қарап,
Зарлап адам
«Тәңірісіне»
Зар арнаған,
Құрғақ шөлде
Жылаған.
Құла түзде
Айдаладан,
Ыстық шілде
Тамылжыған -
Көктен сусын
Сұраған.
Әлі тірі
Сол адам.
Күрсінді адам,
Іште жалын.
Кім біледі
Оның халін.
Мал дегені
Жалғыз сауын.
Жан дегенің
Бір қауым.
Нан болмаса
Жаумай жауын,
Құм жеп кетсе
Сепкен дәнін
Қыстар қалай
Қыстауын.
Осыны ойлап
Айдалада.
Көз жіберіп
Айналаға
Отырды адам -
Жалғыз қара,
Оқтын-оқтын -
Деді: «Алла!»
Жапан түзде
Бұлыт іздеп,
Бұлыт күтті,
Бір ғана.
Сағымданды
Сары дала
Жалын толды
Айналаға.
Тымырсық леп,
От жана.
Сасық, көкек
Мазақ етті:
Ұшып-қонып -
Айнала.
Жатқан өрнек
Кесте дала
Емес адам
Жалғыз ғана:
Дабыр-дұбыр
Дабыра.
Ойды көкке
Өрмелеткен
Ұлы базар
Айнала.
Айнала бір
Кең қала.
Баяғы адам
Күлім қаққан,
Баяғы емес,
Өнер тапқан.
Моторының -
Майын жаққан
Майын жаққан
Зырқыратқан.
Көлдің суын
Көгіне атқан.
Қолдан бұлақ,
Бұрқыратқан.
Жайқалған көк,
Толқынданған.
Емес дала
Сағымданған.
Алтын бидай
Алма мойын,
Өрлеп өскен –
Суға қанған.
Құйын соқпас
Құба жоннан,
Нұр жауғандай
Атқан таңнан.
Сусаған ел
Моторланған
Ән шырқайды
Жиналған жан.
Кешегі адам
«Аллалаған»
Бүгін өзге
Жаңаланған.
Бүгін құдірет –
Өз қолынан,
Бүгін рақат –
Моторынан.
Бүгін адам,
Жаңа туған,
Туған:
Колхоз қатарынан.
Су артылған;
Суатынан,
Оты жанған:
Отанынан.
Ол бұл күнде
Моторлы адам.
Жалғыз қара
Емес - надан,
Ойы күшті
Санасы артық»
Жүрегіне, Нұр орнаған,
Ол - большевик.
Ер қаһарман,
Күй гулеткен
Моторынан.

1933



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Базына

  • 0
  • 0

Ашпын, аға, келем жеуге асыңды,
Арнап соған қайрап келем тісімді.
Араным да айдаһардай ашулы,
Зәрін төгіп, жандырып тұр ішімді.

Толық

Ой үстінде

  • 0
  • 0

Кірген кезде ұйқыға бала-шаға
Абайды оқып отырып оңашада,
Кешегі мен бүгінге үңілем де
Таңданамын мынадай тамашаға:

Толық

Парижде

  • 0
  • 0

Париж. Вокзал. Экспресс тоқтады.
Күн орнында Юпитерлер оттары.
Түнгі ауадан тамылжыған
«Париж, Париж!» - дейді бір ән.

Толық

Қарап көріңіз