Бұл бетте «Дәптер шетінен» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.03.2019
0
0
1481
Шексіз тірлік,
Дария аққандай
Бұлқи ағар көз алдымда.
Кейде тымық,
Кейде толқын –
Шапшиды өрге, жоғарыға.
Толқын тауға,
Құлаш сермеп,
Долданғанда дауыл күні.
Сонда менің –
Өмірімнің
Күшті долы шығады үні.
Түпсіз терең,
Көк теңіздің
Толқынымен мен де соның,
Ол қозғалса
Менде бірге
Қозғаламын,
Тебіренемін.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі