Өлең, жыр, ақындар

Боранда

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1662
(Азамат соғысынан)

Ызғырық аяз, қара түн,
Боранмен бірге келеміз,
Аспанда жоқ ай, жұлдыз,
Жарысып желмен келеміз.
Винтовкаға мұз қатқан
Бетті басқан ақ қырау.
Тек суымай ыстық қан,
Қайда дейміз тосқан жау?
Тыңдашы, әне, жан анам,
Жылап дауыс береді.
«Тез жет!» - деген зарлы үні
Суық түннен келеді.
− Шу, жануар, тұлпарым,
Тепсініңдер, жолдастар!
Құтқаралық, ауылды
Күлсін күткен аналар!
Жүрдік, ұзақ түн бойы,
Міне, ағарып атты таң.
Разведкадан жас жолдас
Берді хабар жаңадан:
«Жеттік, жолдас командир,
Ауыл жақын, жатыр жау!
Күзетшілер андап жүр,
Қадаулы тұр ақ жалау».
Таң астында ат қойдық,
Қалды боран жарысқан.
Қызды қырғын, қан майдан,
Оянды ауыл дабыстан.
Сынға түсті семсерлер,
Қардың бетін басты қан...
Біз де айрылдық қимайтын
Талай-талай жас жаннан.
Жалындана шықты күн,
Жусап, жайрап жатты жау.
Көтерілді қызыл ту,
Жатты құлап ақ жалау.

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір дос туралы

  • 0
  • 0

Домалақ бір досым бар дөп-дөңгелек,
Келеді кең жолдармен көп дөңгелеп.
Өнері оңай тапқан жазушылық,
Өтпейді жазғандары етпей көмек.

Толық

Жер және мен

  • 0
  • 0

«Елім» менен ұйқастырған «жерімді»,
Талай ақын таусылғанша төгілді.
Ұйқас тозды, бірақ жерім тозбады,
Әр ақынның жан-жүрегін қозғады.

Толық

Той күнгі толғау

  • 0
  • 1

Мұнан он жыл ілгері,
Елдің ескі шағында,
Елдің надан уағында,
Қарындасым күң болды.

Толық

Қарап көріңіз