Сүйгенім сен

Бұл бетте «Сүйгенім сен» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3974
Сенші, сәулем: сүйгенім сен жалғанда,
Аңсарым сен - ойда жалғыз қалғанда.
Сен менікі, мен сенікі болмасам,
Өтер едім өкінумен арманда.
Маздап сәулем, көзіңнен от жанады,
Кірпігіңнен меруерт шоқтар тамады.
Күйресе де, күл болса да көнуге
Көбелектей жаным қанат қағады.
Тарт өзіңе, шапағатшым аяла,
Тарт өзіңе, алшы мені саяңа!
Күйдір, жандыр құшағыңда, сәулешім,
Жалыныңды жанымнан тек аяма!

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйгенім сен өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Сүйгенім сен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйгенім сен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйгенім сен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар