Грузия – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Грузия» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 3171
Ұлыңдай жас грузин жайнаң қағып,
Алабын Эльбрус тұр түгел бағып.
Құрбысы Казбек те көтеріңкі
Тоқтаған ащы жасы жатқан ағып.
Күн ашық, тұманы жоқ шөгіп жатқан,
Ері жоқ бұрынғыдай қанға батқан.
Алысқа айбарменен көз жіберіп,
Шыңына, көремісің, туын қаққан,
Жас тоты ерке қызы - сұлулары
Бұғаусыз бостандықта жүр ғой бәрі.
Ынтығып тұлпарына бір міне алмай
Жоқ тағы зарлап жатқан тұтқындары.
Баурынан бақыт күйі ағып - тасып,
Өлкесін грузиннің жатыр басып,
Тыңдашы жастарының салған әнін
Есіп жүр жүйрік желмен араласып.

1936


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Қайдархан Айлин

Өте жақсы тақпақтар жиыны

Осы автордың басқа өлеңдері