Өлең, жыр, ақындар

Біз жеңеміз

  • 23.03.2019
  • 0
  • 1
  • 3933
Апат қып Европаны тұншықтырып,
Қиратып қалаларын салған бүлік,
Фашистер өзендерге толтырды қан,
Бала мен аналарды қойдай қырып.
Күнәсіз Балқанның да халықтары,
Күңіреніп табанында қалды бәрі.
Отында малғұндардың жатыр жанып,
Гомер мен Эсхилдардың табыттары.
Талдырып Европаның ұл, қыздарын,
Тыңдамай қиналғандар ащы зарын;
Денесін бостандықтың таптап өтіп,
Өшірмек Кремльдің жұлдыздарын.
Майданда жеңіп алған еркіндікті,
Бермеске ұрынса да қанша мықты.
Саспастан Совет елі әзірленген
Өткізіп әлденеше бесжылдықты.
Біз текке төкпегенбіз маңдайдан тер,
Біз текке ағызбадық темірден сел.
Білгенбіз қажеттігін линкорлардың,
Танктер, самолеттер, зеңбіректер.
Біз текке өсірмедік жеңгіштерді
Біз текке сүймегенбіз туған жерді.
Колхоздың бай егіні арналмаған
Бағуға, жатым жейтін немістерді.
Дегенде өз Отаным - «бауырларым!..:
Океан ел дірілдетті жердің шарын.
Күннен күшті ант берді Отанына
Бұлжытпай орындауға тапсырғанын.
Бұрқырап бойдан қуат, кек қайнады,
Жүректен намыс оты жалындады.
Суырылып суық семсер қынаптардан,
Жөнелді зор бомбалар жарылғалы.
Мақтаншақ - етем деуші Ресейді құл!
Байқап көр, бұзылмайтын болсаң шымыр
Басталды әмірімен Ұлы Отанның
Әкеңді танытатын зор шабуыл.
Кектенген Европаның ұл-қыздары,
Күтіңдер, жетеміз біз құтқарғалы.
Көмеміз қазып терең аждаһаны
Болса да бір басында мың бір жаны.

1941



Пікірлер (1)

Айгерим

Өте керемет өлең,

Пікір қалдырыңыз

Күзет әні

  • 0
  • 1

Жарық түнде жазық дала, жайлауда,
Шаршамаймыз атқанша тан ойнауға,
Ай астында алтыбақан тербеліп,
Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға.

Толық

Өзім туралы

  • 0
  • 0

Атаққа мен алданбадым,
Ақшаға да жалданбадым.
Қарным тойса паңданбадым,
Қарным ашса қорланбадым.

Толық

Тостар

  • 0
  • 0

Күтетін мені ғана жолдар үшін,
Сүйейтін мені ғана қолдар үшін,
Сүйейтін мені ғана жандар үшін,
Кәнекей тартып жібер, жолбарысым!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар