Сырласу

Бұл бетте «Сырласу» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2021
Келеміз - Мәлікпенен екеуміз тек,
Шаршатпай қолтығымнан алды демеп.
Келеміз от бұршақтың ортасымен
Кеңеске түтеген оқ болмай бөгет,
Тоқтатты Мәлік сонда айтты бір сыр:
− Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр.
Тәтті өмір, жар - достарды сүйгені үшін –
Ажалмен інің саспай шайқасып жүр.
Қорқамын ажалдан да бір нәрседен:
Қорлық қой жерсіз, күнсіз өмір сүрген.
Тірлігің туған елдің тірлігінде,
Өлгенің ту жығылса сүйген жерден.
− Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр –
Ардақты мен үшін де қымбат өмір.
Шаттықты, жар - достарын сүйгені үшін
Ажалмен інің саспай шайқасып жүр.
− Дұрыс - ақ! - Мәлік сөзін мақұлдадым
Қорғайды арадағы жақындарын.
Адамбыз, ара емеспіз, ұрпағымыз
Байтақ жұрт, жолбарыстай батырлардың.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырласу өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырласу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері