Жол салып күнбатысқа қан мен терден –
Әбділдә Тәжібаев
Бұл бетте «Жол салып күнбатысқа қан мен терден» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жол салып күнбатысқа қан мен терден,
Жөнеген жойқын ерлер жеңістермен,
Жайрата жау ордасын кірді басып,
Босатып бостандықты неміс бүрген.
Жауыздың оқпен жыртып көкірегін,
Қақ жарып Германия сұм жүрегін.
Табысты әділеттің батырлары
Төккен қан, тартқан азап кетпей тегін.
Қуан, дос, қуан, бауыр, қарындасым,
Жаныңда шаттық оты жалындасын!
Жалғыз – ақ қиялыңнан шығарма сен
Ағарған ағалардың әрбір шашын.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі