Бұл бетте «Жас қазақ» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сескенбай, жаным бар деп сақтанатын,
Ойланбай, қаным бар деп тоқталатын.
Есімде, Москваның төңірегінде
Жарқылдап көтергенің қазақ атын.
Шарқ ұрып аспан мен жер арасында,
Маздап кек қос көзіңнің шарасында.
Жауыңа бұлт боп төнбей, өрт боп төндің,
Жандырып қаласын да, даласын да.
Ардақтап асыл өмір салтанатын
Суымай Отаныңа махаббатың,
Сұңқардай өз ұяңа қайта қонып,
Құшақтап сүйді халқың, иді халқың.
Ажымсыз аспаныңның көк шатыры,
Ақаусыз ақыныңның айтар жыры.
Арылмас кеудең тола ой мен қайрат,
Атандың әділеттің бір батыры.
Мақтаныш сенің маған қазақтығың,
Ерсің деп айта аламын, озат, бүгін.
Сүй, жолдас, жас қазақты дәл менше сүй,
Қорғасқан адамзаттың азаттығын.
1945
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі