Бұл бетте «Досыма» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Доспын» дедің, сендім саған,
Жүрегімді бердім саған,
Ер соңыма, бас ілгері,
Маңдайыңның ақса тері,
Шаршадым деп үн шығарма,
Тартпа етектен, кейін қалма!
Аялдауға уақыт тығыз,
Бастаушымыз - өмірді біз!
Сескенбе, сен теңіздерден –
Толқындардан мың бүктелген,
Бас ілгері кідірместен,
Сеніміңді шығарма естен.
Біз Мұсадан кейінбіз бе?
Ашады жол теңіз бізге!
Аялдауға уақыт тығыз,
Бастаушымыз – өмірді біз!
Қаһарлы бұлт төгіп зәрін,
Ойнатса да от қанжарын,
Қара дауыл қауып беттен,
Қарсы ұрса да көкіректен.
Өрле, досым, өрден өрге,
Дақ түсірме ер сенімге!
Аялдауға уақыт тығыз,
Бастаушымыз - өмірді біз!
1946
Бердбекулы Мухаммедали
Оте керемет екен бул олен оте тамаша