Ақ қалпақ
Бұл бетте «Ақ қалпақ» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әзіл
Басыма кидім ақ қалпақ
Оюлап шетін сырғызған
Менің де бетім жап-жалпақ,
Айырмам қайсы қырғыздан.
«Қоқи!» дей көрме, бикешжан,
Ақ қалпақсыз да өзіңмін,
Отынан ұшқын алып қал
Жалт еткен саған көзімнің.
Ақкөңіл жанмын, бар шыным,
Қырғызбен мені бірдей көр.
Тұтансын от боп ұшқыным,
Өшіріп алмай, үрлей бер!
1949
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі