Көкшеде – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Көкшеде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2172
Көліне түстім Көкшенің
Көбікпен ойнап балаша,
Толқынмен кеттім таласа,
Тамаша, қандай тамаша! .
Тауына шықтым Көкшенің
Тасымен ойнап балаша.
Тағысымен таласа,
Тамаша, қандай тамаша!
Қарағай тілін ұғындым,
Қайыннан ғажап сыр алдым;
Құзынан астым қыранның,
Ұясын таптым қиялдың.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшеде өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Көкшеде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшеде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшеде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері