Түнде – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Түнде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1555
Қызарып беті жалындай,
Қуанып табы арылмай,
Ойыннан қанып құмары
Ұйқыға кірді ұланым.
Қабағын түйді қараңғы,
Көтерді түннен жалауды,
Күйімен тербеп шың-құзын
Қыс ата тартты қобызын.
Қосылып күйге түндегі
Ағаштар басы гуледі.
Ақ боран билеп жөнелді,
Әндетіп ұзақ өлеңді.
Алды да бір кез күй тыныс,
Болды да қалды тым-тырыс.
Әдетінше таң ата
Әзірленді қыс ата.
Қырауын жапты еменге,
Бұтақтар бұқты төменге.
Моншағын тақты қайынға,
Бұршағын септі селеуге.
Көпсітті қармен алаңды,
Ақ қала жары жаңарды.
Сырғанақ бетін сыпырды
Шиырлар, іздер жоғалды...
Сықырлап басқан аяғы,
Аяңға басып баяғы.
Тамаша көріп ұшқанын
Оятып өтті құстарын.
Жығылды түннің жалауы,
Жарқ етті күннің алауы,
Күтіп жүр тыста қыс ата
Ойынға шығар баланы.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнде өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Түнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері