Арман – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Арман» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2692
Айсыз түн, тынық алаңсыз аспан,
Тартады күңгірт қалғыған орман.
Сездірмей жанға аяғын басқан
Келеді жым-жырт ақсағыш арман.
Оятты желді ұйқысыз арман:
− Көрдің бе, қайда сүйгенім менің?
− Естіп ем күндіз әндерін салған,
Білмедім бірақ, мекенін оның...
Аңсағыш арман ілгері кетті,
Қайтадан жел де ұйқыға батты.
Сол кезде бір ән талмаурап жетті,
Жалт етіп арман қанатын қақты.
Айсыз түн, тынық, алаңсыз аспан.
Жай ғана демін алады орман
Әзірдей кәзір бастауға дастан,
Сүйгенін тапқыш, ізденгіш арман.

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері