Арман – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Арман» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2753
Айсыз түн, тынық алаңсыз аспан,
Тартады күңгірт қалғыған орман.
Сездірмей жанға аяғын басқан
Келеді жым-жырт ақсағыш арман.
Оятты желді ұйқысыз арман:
− Көрдің бе, қайда сүйгенім менің?
− Естіп ем күндіз әндерін салған,
Білмедім бірақ, мекенін оның...
Аңсағыш арман ілгері кетті,
Қайтадан жел де ұйқыға батты.
Сол кезде бір ән талмаурап жетті,
Жалт етіп арман қанатын қақты.
Айсыз түн, тынық, алаңсыз аспан.
Жай ғана демін алады орман
Әзірдей кәзір бастауға дастан,
Сүйгенін тапқыш, ізденгіш арман.

1955


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері