Бұл бетте «Ертеңіне» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.03.2019
0
0
1540
Бұзып кірген есігін біздің үйдің
Кесір шалға көндім де басымды идім.
Сол кесір шал өзімнің домбыраммен
Бір сарынын тартып еді салқын күйдің.
Ертеңіне оянсам шал боп қаппын,
Есебі жоқ шашыма түскен ақтың.
Жас тобына бара алмай, жантайдым да,
Салқын күйді самарқау мен де тарттым.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі