Почтальон жыры
Бұл бетте «Почтальон жыры» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұясынан шықты күн,
Мен де шықтым үйімнен.
Күн батқанша түспейді,
Сұр қапшығым иіннен.
Тапсырамын достарға
Қапшық толы хаттарды,
Таратамын достарға
Ыстық махаббаттарды.
Күн жөнелді кегімен,
Мен жөнелдім жеріммен.
Бойым әрең асады
Бұйра толқын егіннен.
Тапсырамын достарға
Қапшық толы хаттарды.
Таратамын достарға
Ыстық махаббаттарды.
Достар әнін естемін
Қызыл таудай қырманнан.
Асып ән-жыр барады
Ормандардан, қырлардан.
Тапсырамын достарға
Қапшық толы хаттарды.
Таратамын достарға
Ыстық, махаббаттарды.
Күн де шаршап батады,
Мен де аламын демімді.
Күнмен бірге шығамын
Қуантуға елімді.
Тапсырамын достарға
Қапшық, толы хаттарды.
Таратамын достарға
Ыстық махаббаттарды.
1955
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі