Қыз қайда?

Бұл бетте «Қыз қайда?» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3224
Әзіл

Келемін тынбай ізденіп,
Ажарын бағып әр қыздың
Өтеді жазым, күз келіп,
Қыста да қызсыз жалғызбын.
Апырм - ау қайда, қыз қайда,
Елес боп естен тандырған?
Рас-ақ шығып тұрмай ма,
Бұрала басып алдымнан?
Үйленді бәрі құрдастың,
Үйленбей қалған жалғыз мен.
Таба алмай тілін бір жастың
Қылжақтай берем әр қызбен.
Қаңғырмай жалғыз күңіреніп,
Қалдырмай жалқы ізімді,
Қауышсам екен тез көріп
Қиялдай көркем қызымды.
Апырм - ау қайда, қыз қайда,
Елес боп естен тандырған?
Рас-ақ шығып тұрмай ма,
Бұрала басып алдымнан.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз қайда? өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қыз қайда? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз қайда? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз қайда? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері