Бұл бетте «Еліктеу» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.03.2019
0
0
2156
Құмарлық үшін бір күндік
Жүгірдік келіп жүгірдік.
Құмарлық оты ұшты тез,
Жел көңілден түңілдік.
Байлыққа бола бір күндік,
Жындыша тынбай жүгірдік.
Байлық та кетті баянсыз,
Орнына ғана үңілдік.
Атаққа бола бір күндік
Аямай жанды жүгірдік.
Атақ, та қысқа жалт етті,
Отырмыз енді күмілжіп.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі