Бұл бетте «Саяхат» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Одесса
Ұшпаған оққа, жанбаған отқа
Одесса міне алдымда менің.
Күмбездей биік көтерген көгін,
Теңізбен бірдей алады демін.
Көшесі толы шұғыла мен жарық,
Көшесі толы аңыз бен дастан,
Ажалды қалай жеңгенін алып
Оқисың әрбір жаралы тастан.
Басамын әрең топырағын аяп,
Қан тамбаған жер жоқ қой мұнда.
Гүлдерден көзім алады тоят,
Көңілім сонау сұрапыл жылда.
1957
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі