Рено – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Рено» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1479
Біздің ғасыр цивилизация ғасыры,
Енді міні атом дәуірі ашылды.
Россияда ұмытуға айналдық
Ат күшімен күн көретін тәсілді.
«Тұлпар» кәзір ұйқас үшін «сұңқарға»
Үлкен жәрдем қинамауға ақынды.
Ал асыққанда Москвадан шалғайға
Аттан көрі мотор дұрыс атомды.
Жылқы өсірген, жүйрікті көп жүгірткен
Болсам дағы қазақтың төл баласы.
Ойлантады мені кәзір көбірек
Ауыл емес планеталар арасы.
Лимузиндер көліктіктен ескірді,
Тұтынудан қалмаса да әлі де.
Мінгім келеді қиялдан да ұшқырды,
Жету үшін ертеңнен де әріге...
Келдім міні аралауға Реноны,
Көрдім Париж бір мақтанын тағы да.
Келгенім жоқ қызықсынып мен оны,
Келдім бауыр пролетариат табына.
Есімде жоқ конвейерлер тізбегі,
Аңғармаппын машиналар бөлшегін.
Қалды есімде жұмысшылар көздері,
Қалды есімде бізге деген зор сенім.
Рено - Париждағы автомобиль заводы.
Қадалса егер қарап саған кекпенен
Қырық мың бастан сексен мың көз жалынды,
Жалтарғанша қашып одан еппенен,
Жандырып-ақ жіберер еді жаныңды.
Қадалса егер сонша көздер, сонша оттар,
Тоймай саған махаббатпен қарауға.
Көкірегіңе құйылып тың қуаттар,
Сан таппас ең бақытыңды санауға!
Сол бақытты жанымменен сезіндім,
Реноға мен жолым түсіп бардым да.
Тұрдым ұқсап Россияма өзімнің
Сексен мың көз, сексен мың көз алдында.
Тұрдым бейне туған Отан туындай,
Тұрдым бейне тұлғасындай елімнің.
Сексен мың көз, сексен мың көз суынбай
Сүйді мені дал өзіндей Лениннің.
Есімде жоқ конвейерлер тізбегі,
Аңғармаппын машиналар бөлшегін.
Аңғармаппын агенттердің көздерін,
Ылтипаттан, махаббаттан өзгенің.
Бердім жауап үн шығармай, ішімнен
Миллиондаған совет халқы атынан: -
Рахмет, Париж, жүрегіңе түсінген
Сүйген сені океан махаббатымнан!

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рено өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Рено өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рено өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рено өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері