Тұлпар
- 0
- 0
Көңілім, табалмасам қалауыңды,
Азайтпа, өршіт кайта алауыңды.
Тұлпар өлең тұяқтан от шашар ма ең,
Жүрмін бе келтіре алмай жарауыңды.
Бұл бетте «Әже әлдиі» атты Марфуға Айтқожина жазған әже туралы өлең берілген.
Шыңғыстау жатыр алда көлденеңдеп,
Көз тартады сұлулық көрмеген көп.
Қарауылтөбе, үстінен бұлттар ұшып,
Бара жатыр етегі көлбелеңдеп.
Мынау жатқан жасыл сай Берікқара,
Жолаушым, жанап өтпей келіп қара.
Сылдыр өзен, сұлу шың қиясында,
Ойнақтайды тым ерке елік қана.
Хабарлама
INFO
Күшті екен.Маған ұнады,бірақ ұзақ екен.Сонда да ұнады