Өлең, жыр, ақындар

Мен бір жанмын

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2013
Ойларға тұтқындағы
Тәңір–ау, қайда барам табан асты,
Көңіл күзгі аспандай, маза қашты.
Мен жалғызбын, ойлар көп тұс-тұс жақтан,
Аш бөрідей қамалып жағаласты.
Өртендім де, отыммен өртедім де
Қараймын қимай өткен ерке күнге.
Енді көңіл бұраусыз домбырадай
Саусақ тисе дайын тұр шер төгуге.
Қайда қызық серуен бақтардағы,
Бал құрақтар неге сыр ақтармады.
Қалыпты кей суреттер көз алдымда,
Сонау бір шоқ басатын шақтардағы.
Көп ұтылдым, ал кейде ұттым дағы,
Кейде ішкен ас өтпейді жұтқындағы.
Серпілуге құштармын, уа, дариға,
Мен бір жанмын ойларға тұтқындағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе

  • 0
  • 0

Бір бұл емес өзіңе аттағаным,
Сүюші ем шаңқай күннің аптағанын
Өзіңе бір нәзік өн арнай келіп,
Өзіңе бір нәзік сыр ақтарамын.

Толық

«Тәңір көпір» жолдары

  • 0
  • 0

Жанама тас,
Жақпар шың таудың жолы,
Төнеді төбесінен зәулім көгі.
Шыңы бұлтқа оранып шығандаған,

Толық

Серпілу

  • 0
  • 0

Мен жүрмін Алатаудың құшағында,
Қаласам,
Қияндарға ұшамын да.
Қаласам,

Толық