Тірілер келеді – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Тірілер келеді» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1435
Боташым келеді сағынып,
Достарым келеді сабылып,
Келеді күніне қаншасы
Көп сырын көзінен жан ұғып.
Көршілер келеді біріндеп,
Ақындар келеді дүрілдеп,
Хат жазды алыста ағайын,
Жұмыс көп, жете алмай жүрмін деп.
Келеді жеңгелер желөкпе,
Беттері уылжып жел өпсе.
"Тақтағы" таныстар келмейді,
Артпаймын оларға мен өкпе.
Аналар келеді айналып,
Әжімнің ізінде ой қалып,
Келе алмай жүр бірақ қалаға
Ақ көңіл адал дос қой бағып.
Кей-кезде құлазып жабығып,
Сағыныш ұшады ағылып,
Тірілер келеді-ау әйтеуір
Көкешім кешікті неғылып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері