Толқын құшағында – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Толқын құшағында» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 1
  • 1523
Мынау жатқан Түркістан Шағасы ма,
Қыз толқынды үйірген жағасына.
Мен дағы тұнығына жүзіп кеттім,
Жанымыз үнсіз ғана жарасуда.
Әлдебір төндірілген шарасың ба,
Ерекше бір сыр бардай қарасында.
Ерке толқын еркіңе берілейін,
Ешкімнің де хақы жоқ таласуға.
Толқын-толқын, барасың еліктіріп,
Көңілді көтересің желіктіріп.
Әлде оным батылсыздық болар ма еді,
Жүзбей кетсем жағаңа келіп тұрып.
Толқындар жамырассын, құшақтассын,
Жанымды бұл жастықтың күші ап қашсын.
Көл де көп, көбік шашқан толқын да көп,
Басқаға сені бірақ ұқсатпасын.
Бұл күні мен қатерден сақтанбаймын,
Буырқанып, бұрқырап жатсаң айдын.
Толқынның құшағына толқып барам,
Тек енді жан ләззатын тапқандаймын.
Сыр саусақ жан пернесін басып тұр ма,
Сыртта толқын, күй кеудем тасып нұрға.
О, тәңірім, толқынға өзің қауыштырдың,
Енді одан бөлектеуге асықтырма.


Пікірлер (1)

Майра

Марфуға Айтқожинаның "Толқын құшағында" өлеңі теңіз бен табиғаттың әсем бейнесін шебер суреттеген. Ақын лирикалық кейіпкердің ішкі сезімдерін толқынмен салыстыра отырып, терең философиялық мағына берген. Әсіресе, "толқын құшағы" метафорасы өте әсерлі. Өлең құрылысы жеңіл, ырғағы келісті. Мектеп бағдарламасына қосымша ретінде оқушыларға ұсынамын. Бұл шығарма қазақ поэзиясындағы лирикалық туындылардың бірі ретінде назар аудартады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқын құшағында өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Толқын құшағында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқын құшағында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толқын құшағында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері