Қамқалы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1515
Елпілдеген, мөлтілдеген, Қамқалы,
Шақырады, алыстан көз тартады.
Құм жоталар, артқа тастап белдерді,
Бетке ұстаған Сарыжайлау, Арқаны.
Дірілдеген, толқындаған сезімдей,
Жас арудың толықсыған кезіңдей.
Жатырсың сен жалпақ жонда жалтырап,
Жатырсың сен кімді күтіп көз ілмей.
Жатырсың сен шарайнадай шалқалап,
Жібек толқын, сырнай сазын тартады–ақ.
Жатырсың сен әлдекімге назданып,
Жатырсың сен нендей сырды арқалап.
Тамып кеткен көз жасындай ғасырдың,
Қалып кеткен сынығыңдай асылдың.
Тұнығындай шайқалмаған сезімнің,
Жанды баурап сонша еркелік асырдың.
Сонша тұнық болармысың, Қамқалым,
Жаудыраған ботакөзі Арқаның...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамқалы өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қамқалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қамқалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамқалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері